Павлодарда көктайғақ кезінде жолдарға тұз себуге тыйым салынды
Осылай деп шешкен сот енді оларға шаһар көшелерінде тек құм пайдалануға рұқсат етті.
Автор: Әйгерім Шакаманова
13.12.2017
Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің экологиялық талаптарды бұзғанын жергілікті экология департаменті анықтаған. Ондағы мамандардың айтуынша, шаһар жолдарына себілетін тұз экожүйені бұзады. Яғни, топыраққа сіңіп, көктем шығысымен Ертіс суын ластайды. Бұған қоса, тұз адамның иммунинеті мен жүйке жүйесіне зиян келтіреді екен. Ал автожолдарға тұз аралас құм себу әдісіне көштік деген коммуналдық қызметтегілердің айтуынша, бұл – көктайғақтан сақтанудың жалғыз жолы. Жалпы, биылдың өзінде Павлодар көшелеріне үш мың тоннадан асатын тұз себілгенін айта кетейік. Ал коммуналшыларға ақыры оны облыс орталығында пайдалануға тыйым салынды. Сот шешімімен енді олар көктайғақ кезінде тек құм шашуға құқылы. Ал шаһар сыртындағы тасжолдарға тұз аралас құм себуге рұқсат бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!