{metadescription}
Алматыда тағы бір адамды автобус қағып өлтірді
Алматыда тағы бір адамды автобус қағып өлтірді

Алматыда тағы бір адамды автобус қағып өлтірді

Оқиға таң сәріде болған. Жүргізуші жол ортасындағы адамды байқамай қалғанын айтуда. Ал, қасына келгенде тежегішті басып үлгермепті. Бұл Алматыдағы соңғы бір аптада автобус астына түскен үшінші адам. Кеше де тапа-тал түсте бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан қызды адам толы автобус басып кетті. Қансыраған зардап шегуші ауруханаға жеткізілген.

Қоғамдық көліктердің жұмысқа ерте кірісетіні белгілі. №81 бағыттағы мына автобус та бүгін әдеттегідей таң атпай жолға шыққан. Сөйтіп, сағат 6 жарым шамасында көшедегі адамды қағып кетіпті. Сол кезде дала қараңғы болғандықтан, жүргізуші ер кісіні алыстан байқамай қалғанын айтады. Ал, жақындағанда тежегішті басып үлгермеген.

Көлік жаншып өткен ер адам сол жерде қаза тапты. Автобус тізгініндегі кісі болса, көшенің қақ ортасында отырды деп, кінәні марқұмның өзіне жаппақ. Дегенмен, апаттың мән-жайын полиция анықтайды. Қазір қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жүргізушіден жауап алынуда. Сақшылар қаза тапқан адамның тұлғасын анықтауға да кіріскен. Өйткені, оның қалтасында бірде-бір құжаты болмапты. Тек жасының

30-35 шамасында екені белгілі.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Оның аты-жөні әлі белгісіз болып отыр. Біздің ойымызша, үй-жайсыз жүрген қаңғыбас болуы мүмкін. Қазіргі таңда оның бет-тұлғасын анықтауға бағытталған іс-шаралар қолға алынды.

Соңғы кездері қалада автобустардың қатысуымен оқиғалар жиі тіркеліп жүр. Мәселен, кеше тапа-тал түсте №120 автобус жас қызды қағыпты. Куәгерлердің айтуынша, зардап шегуші жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрғанда, қаннен-қаперсіз өтіп бара жатқан. Сондықтан, автобус тізгініндегі адамның заң бұзғанына сенімді.

Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілген. Ал, оны басқан автобус тиесілі компания өкілдері жаяу жүргіншінің де айыбы барын айтады.

Бақытжан Рысбаев, «Green Bus Company» ЖШС директорының орынбасары:

- Ол қыз өзі байқамай, телефон ұстап келе жатқан. Наушникпен кетіп бара жатқан.  Естімеген де. Негізі жолаушыларға да тағы да  айтамын, кетіп бара жатқан кезде, қарап жүрсе алдына. 

Жүргізуші жарақаттанған қызға 5 мың теңге беріп, қолхат жаздыртып алыпты.Десе де, бұл іс  қазір сақшылар бақылауында. Айналасы бір аптаның ішінде автобус жаншыған адамдардың шегі емес бұл. Өткен сәрсенбіде тағы біреуі адам өліміне себеп болған. Ол кезде №73 бағыттағы қоғамдық көлік егде жастағы әйелді көрмей қалып, таптап өтіпті.Осы оқиғалар қоғамдық көліктердің жол ережесі мен жолаушы тасымалдау тәртібін сақтамағандығының айғағы. Қазір автобустардың өзара жарысқа түсетінін айтып, шағымданатын халық қарасы да көп. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде