{metadescription}
Қазақстанда халық санын есептеу жаңа жүйе арқылы анықталмақ
Қазақстанда халық санын есептеу жаңа жүйе арқылы анықталмақ

Қазақстанда халық санын есептеу жаңа жүйе арқылы анықталмақ

Елімізде әрбір 81 секунд сайын бір сәби дүниеге келеді. Бүгін Статистика агенттігі халық санын онлайн есептейтін электронды есептеуішті іске қосты. Автоматты жүйе сәт сайын жаңарып, адам санының өсімін интернет арқылы көрсетеді.

Агенттіктің сайтындағы есептеуішке сенсек дәл қазір халық саны 18 миллион 146 мыңнан асып жығылады. Оның 9 миллион 400 мыңы әйел, ал 8 миллион 800 мыңы ер адам. Бір қызығы Қазақстанда орта есеппен әрбір 81 секунд сайын нәресте дүниеге келіп, 216 секунд ішінде бір адам көз жұмады екен. Әрі осы жүйе арқылы алдағы екі жылда халық санының қаншаға өсетінін де болжауға болады.

Нұрболат Айдапкелов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы:

-Болашақта мұның барлығын жетілдіреміз. Болжау мерзімін өзгертеміз. Ол жаңағы екі жыл емес, мүмкін 5 жылға дейін көреміз. Ол үшін жұмыс істеу керек. Сол сияқты болашақта регион деңгейіне ауыстыруымызға болады. Астана, Алматы мен облыстарда қаншалықты халық саны өзгеріп жатқанын көруге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде