Назарбаев Бас мүфтиге адасқандарды тура жолға салуды талап етті
Имамдарымыз Сириядағы соғыстан жан сақтап елге қайтатын азаматтардың келуіне дайын болуы тиіс. Адасқандардың бетін абақтымен емес, дұрыс ақпарат, іліммен қайтару керек. Елбасы бүгін жаңадан сайланған Бас мүфти Серікбай Оразды қабылдап дін қызметкерлерінің міндеттерін айқындап берді.
Автор: Азамат Алдоңғаров
13.12.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мақсат белгілі, білікті имамдар болса екен деп ойлаймын. Ол бір күнде бола салатын нәрсе емес. Сондықтан білім беру жағына көңіл аудару керек. Сосын мына радикалды көзқарастар дейміз ғой, солармен сөйлесіп, олардың жолы дұрыс емес екенін түсіндіретін, нақты сөзбенен, іспенен, адамдар керек. Сол жолдың не екенін түсіндірмесек жастар оның бәрін қайдан біледі?
Президент соңғы бірнеше жылдағы діни радикализммен күресті дінге қарсылық емес, мемлекеттілікті сақтау жолындағы қадамдар екенін халық арасында түсіндіру керектігін айтты.
Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти:
-Біздің қалыптасқан діни мектебіміз бар. Орталық Азияда, қазақ мұсылмандық мектебінің Әбу Ханифа мәзхабы жолындағы жұмыстарымызды мейлінше жалғастыра беретін боламыз деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!