Елімізде ұл-қызға қырғидай тиетін педофилердің саны азаймай тұр
Тіпті оларды химиялық жолмен піштіру де шошытар емес. Бүгін бала құқықтары бойынша омбудсмен Зағипа Балиева балаларды жыныстық қатынасқа итермелейтін азғындарға қарсы күресте полицейлердің қауқарсыздығын сынға алды.
Автор: Азамат Алдоңғаров
13.12.2017
Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:
-Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар артып отыр. Мәселен зорлау деректері 100-ден 133-ке дейін көбейіпті. Өсім 33 пайыз. 2016 жылы педофилдерден 180 бала зардап шекті, бұл алдыңғы жылдан аз болғанымен елді педофилия жайлап тұрғаны анық.
Бүлдіршіндерге қатысты айуандықтың жиі қайталанатынын ескеріп, мемлекет педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заң қабылдауға мәжбүр болған. Ол алдағы қаңтардан күшіне енеді. Стерилизацияның бұл түрі екпе жасау арқылы еркектік қуатын төмендету. Алайда емдік шаралар тоқтатылған соң, ағза қалпына келеді екен. Депутат сондай-ақ, Үкіметтен денсаулық сақтау мен түзету мекемелерінің кастрацияға дайындығы туралы есеп беруді сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!