Еліміздегі ең алғашқы музыкалық білім ордасына 85 жыл
Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі мерейтойын бар сән салтанатымен атап өтті.
Автор: Асыл Махмет
14.12.2017
Абай атындағы опера және балет театрында өткен концертке қара шаңырақтан түлеп ұшқан өнер майталмандары мен тәлімгерлер түгел жиналды. Үздік ұстаздар төс белгілермен марапатталып, Нұрғиса Тілендиев, Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішевтердің ізін басып келе жатқан жас таланттар өнерлерін паш етті. 85 жылдық аясында колледж ұжымы бұған дейін Мәскеуде есеп беру кешін өткізіп, бес бірдей байқау жариялаған. Сондай-ақ , өнер ошағына жөндеу жасалған екен.
Біржан Хасанғалиев, колледж директоры:
-Бүгін нағыз өнер мерекесі. Біз қазақстандағы тұңғыш музыкалық оқу орнымыз . Біз осымен мақтанамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!