{metadescription}
Семейдегі мүмкіндігі шектеулі  шебердің  қолынан шыққан заттарға сұраныс артқан
Семейдегі мүмкіндігі шектеулі  шебердің  қолынан шыққан заттарға сұраныс артқан

Семейдегі мүмкіндігі шектеулі шебердің қолынан шыққан заттарға сұраныс артқан

Елімізде «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары анықталғаны аян. Олардың қатарында семейлік қолөнер шебері Абылайхан Асылбай да бар. Ол мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан, темірден түйін түйеді. Бірінші топтағы мүгедек зергерлік бұйымдарды көп жылдан бері жасап жүр екен. Ал бүгінде шебердің қолынан шыққан заттарға сұраныс артқан. Енді мемлекет тарапынан қолдау болса, шеберханасын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Абылайхан Асылбай 1997 жылы, яғни 34 жассында құрылыс басындағы краннан құлап, 1-ші топтағы мүгедек болып қалған екен. Ал бұл оқыс оқиғадан кейін көп жыл төсек тартып жатқан ол өмірден түңіліпті. Әйтсе де,  темірден түйін түйетін ұстазы қиын-қыстау сәтінде ерекше қолдау білдірген. Ол  6 жыл бойы арнайы дәріс беріп, тығырықтан алып шықты,- дейді.

Абылайхан Асылбай, шебер:

-Адам төсек тартып қалса, өзін ешкімге керек жоқ сезінеді. Мен қатты қиналдым. Тұңғиықтан шығу керек болды. Абай, ақылын мен еңбегіңе сен, екеуі екі жақтап алып шығады,- дейді. Сол еңбектің арқасында аяғыма тұрдым. Өнеріммен биік дәрежеге жеттім.

Қазір оның шеберханасында 200-ге тарта түрлі зергерлік бұйым бар. Тіпті, әшекейлі білезік, сырға , сақинадан бөлек шебер алтын адамды да жасап қойған.

-Қолөнер аса төзімділікті талап етеді. Мысалы, дәл мына батырдың келбетін жасап шығуға шебер 3 жылын жұмсаған. Оның үстіне киген сауытының өзі 24 келі.

Айтуынша, оған қажетті 50 мың шығыршық көз тоқитын темірді табу қиындық тудырыпты. Сондықтан қалтасынан қаражат жұмсауға тура келген.

Абылайхан Асылбай, шебер:

-Енді, заттарды сатып аламын. Қай жерде арзан соларды іздеймін. Елдер керек қылмай қара темірге өткізген жерінен, кіреуке сауыт тоқу үшін сатып алдым.

Осылайша, бір күнде 12 сағатын шеберханада өткізетін Абылайхан Асылбайдың аты бүгінде100 жаңа есімнің қатарына еніп отыр. Оның қолынан шыққан заттар биыл Астанада өткен ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік қонақтардың таңданысын тудырған. Тіпті, көздің жауын алатын бұйымдарын олар аттай қалап сатып алыпты. Енді, шеберт мемлекет тарапынан қолөнерге қолдау берілсе, өзімен тағдырлас жандардың басын қосып, оларға бар білгенін үйретпек ниетте. Ол үшін шеберханасын кеңейтіп, орталық құруым қажет дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.