{metadescription}
Алматыда суықтан қалтыраған жұрт үйлерінен безіп жатыр
Алматыда суықтан қалтыраған жұрт үйлерінен безіп жатыр

Алматыда суықтан қалтыраған жұрт үйлерінен безіп жатыр

Келісім бар, газ жоқ! Алматыда суықтан қалтыраған 40-қа жуық отбасы, баспаналарынан безіп кетуге әзір отыр. Айтуларынша, осыдан 8 ай бұрын үйлеріне газ кіргізу үшін мердігер компаниямен келісім шарт жасаған. Бірақ, содан бері күнде ертеңмен сылтауратқан компания тарапы, уәдесін орындамапты. Ал, көгілдір отын келеді деп көмір жағатын пештерін алып тастаған тұрғындар, қыстың көзі қырауда үйлерін қайтіп жылытарын білмей, жыларман күйге түскен.

Үй ішінде қабат-қабат киініп, кішкентайын көрпемен қымтаған Қанат Рыскелді, сәуір айында газ тартатын мердігер компаниямен келісім шарт жасайды. Кезінде ақшасын санап алғандар, «екі-үш айда көгілдір отын кіргізіп береміз» деп иландырыпты. Бірақ, суық үйде бүрсең қаққан отбасы, құрғақ уәденің құрбанына айналдық дейді.

Қанат Рыскелді, Алматы қаласының тұрғыны:

-Қанша болды, жаздың жазында бастаған. Соған сендік те, пештің бәрін алып тастадық. Газ келеді, қарық қыламыз дегесін. Міне, бүгін екінші балам ауырып, бүгін ауруханадан келе жатырмыз.

-Іргеде тұрған көгілдір отыннан қағылғандар, енді амалсыздан мына газ баллонын қолданып, үйлерін жылытуға мәжбүр екен. Қауіпті болғандықтан, күндіз түні көз алмай, бақылап отырамыз дейді. Қатерге басын тіккісі келмегендер, бұзып тастаған көмір жағатын пештерін қайтадан орнатыпты. Бірақ, қырсыққанда, қазір көмір де жоқ көрінеді.

Дүйсенхан Таубалдиев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Екі тонна көмірді 68 мың теңгеге алып келдім. Қандай бағаға алып келдім. Ол да таусылды. Бала-шаға, немерелерім отыр. Газ жоқ, газ болса да бір нарсе болады ғой.

Тұрғындардың айтуынша, мердігер компаниямен ұзын-саны 39 отбасы келісімге отырған. Тіпті, талап бойынша көрсетілген 150 мың теңгені бөліп төлеуге уағдаласыпты. Ал, газ құбырын үйге дейін тартып, монтаж жұмыстарын жүргізген жекеменшік компания директоры, құжаттардың кешігуіне газбен жабдықтау мекемесі кінәлі дейді.

Зайра Қайырбекова, «КZ-Cотрой 1» ЖШС директоры:

-Техниалық шарт  тек қарашада алынған. Содан кейін біз келісім жасадық. Оған 15-20 күн керек. Соны халық күтпей жатыр.

Ал,  тұрғын үйлерді газбен жабдықтау үшін техникалық шарт құжатын әзірлейтін мекеменің уәжі мүлде басқа. Олардың мәліметінше, мердігер компания қажетті құжаттарды толықтай өткізбеген.  

Ержан Балабеков, «ҚазТрансГаз Аймақ» Алматы өндірістік филиалы ӨТБ бастығы:

-Монтаж жұмыстарын жүргізген компания, жобаны қабылдау құжаттарын Алматы өндірістік филиалына тапсырған жоқ. Құжаттарды жеткізу уақытын қадағаламаған. Бірақ,біз өз тарапымыздан барлық мүмкіндікті қарастырып жатырмыз.

Екі ортада кімге сенерін білмеген тұрғындар, ауыздарынан жырып берген ақшалары желге ұшты ма деп қауіптенеді. Оның үстіне, 8 ай бойы сергелдеңге түскендер, қақаған қысты көгілдір отынсыз өткізетін түрі бар. Себебі, нақты уақытын айта алмай қиналған жауапты мекеме өкілдері, «техникалық шарт құжаты дайын болмайынша, газ қосуға рұхсат бермейміз» дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.