{metadescription}
Балық сатам деп, бәлеге қалды
Балық сатам деп, бәлеге қалды

Балық сатам деп, бәлеге қалды

Атырауда көлігіне келісі 8 мың теңгеге жуықтайтын бекірелерді тиеген екі азамат ұсталды. Олар мұздатылған қызыл балықты Жанбай елді мекенінен Атырауға  сату үшін алып келе жатыр екен.

Полицейлер күдік тудырған машинаны қалаға кіреберісте тоқтатып, жүксалғыштағы 50 келі бекірені тәркілеген. Қара базарда бұл балықтың бір келісі 3 500 - 8 мың теңге аралығында екенін ескерсек, шығын 300-400 мың теңгедей болады. Бірақ биылғы жылдан бастап мұндай шығынды есептеу әдісі өзгерген. Яғни полицейлер 20 және 26 жастағы екі азаматтың заңсыз іс-әрекетінен қоршаған ортаға 18 миллион теңгеге жуық зиян келген деп тапты. Қазір екеуге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.