Шымкентте күдік тудырған пакет жұртты дүрліктірді
Тұрғындардың біреуі есік алдында тұрған түсініксіз затты бомба деп ойлап, полицейлерді шақыртқан. Салдарынан көпқабатты үйдің 300-ге жуық тұрғыны аязды күнде далаға қашуға мәжбүр болды.
Автор: Бек Әбиев
14.12.2017
Отбасымызбен енді ұйықтайын деп жатқан едік. Кенеттен подъезде айғай-шу шықты да, артынша үйге полицейлер кіріп, дереу пәтерден шығуымызды талап етті. Енді ештеңе түсіне алмай далада жүрміз.
80 пәтердегі әр тұрғынды жекелей далаға шығарған тәртіп сақшылары, көпқабатты үйдің маңайын қоршауға алды. Кез-келген жағдайға дайын өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігі де келген. Бірақ та мамандар үрейді ұшырған пакетті ашып қараған кезде ішінен бомба емес, жәй ғана киімдер шықты. Бір сағат бойы аязда тұрған тұрғындар сақтық шараларын күшейткен полицейлерге түсіністікпен қарайтынын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!