{metadescription}
Ислам елдері Трампқа қарсы шықты
Ислам елдері Трампқа қарсы шықты

Ислам елдері Трампқа қарсы шықты

Әлем Иерусалимді Палестинаның астанасы деп тануы керек. Ислам ынтымақтастық ұйымы Ыстамбұлда бүгін осындай мәлімдеме жасады. Дональд Трамптың жаһанды шулатқан соңғы мәлімдемесі шұғыл жиын өткізуге түрткі болған.

Басқосуға мұрындық болған Ердоған ислам мемлекеттері Палестинаның сойылын соғып, соңына дейін айтқандарында тұратындарын  жеткізді. Саммитке қатысушылар Біріккен Ұлттар ұйымына Трамптың атына шағым жазбақ. Олардың ойынша, Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған мәлімдемесі бірлікті бүлікке айналдырады. Бұдан былай Вашингтон Палестина мен Израиль арасындағы шиеліністі шешуге ара ағайын болғанын қаламайтындарын да мәлімдеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде