{metadescription}
ЭКСПО  кезінде Астанадан қуылған қаңғыбастар қайта оралды
ЭКСПО  кезінде Астанадан қуылған қаңғыбастар қайта оралды

ЭКСПО кезінде Астанадан қуылған қаңғыбастар қайта оралды

ЭКСПО көрмесі кезінде бас қаладан үдере көшірілген қаңғыбастар Астанаға қалай қайтқандарын айтып берді. Қалада босып жүрген құжатсыз азаматтар автобустарға тиеліп, көршілес облыстардың даласына тасталыпты. Алайда табиғат аясындағы бұндай демалысты ұнатпаған үй-күйсіздердің табандары тозса да, әйтеуір қалаға жеткен. Елордалық сақшылар болса, мәжбүрлі көшті емдік шаралар деп атайды.

Қарын тоқ, уайым жоқ. Бұл өмірде бейқам тіршілік кешетін жан баласы болса, осы орталықта болар. Белгілі тұрағы жоқ адамдарды бейімдеу орталығы рухани жаңғырып жатыр. Сондықтан қиын жағдайға түскен адамдардың орталығы деу дұрыс болады дейді. Онсыз да тауы шағылған азаматтардың нәзік жанын жараламас үшін, қаңғыбас емес, қызмет алушы дейді. Үш мезгіл тамақ, таза төсек, жылы жай. Үлкен кітапхана, спорт залы, психологиялық тынығу бөлмесі, тәртіптілер үшін тіпті бильярд та бар. Астаналық қызмет алушылардың күні осы.

Динара Шапина, Орталық директорының орынбасары:

-Біздің орталыққа өмірде қиын жағдайға түскен адамдар түседі, қызмет алушылар. Біз оларға сегіз әлеуметтік қызмет көрсетеміз. Жұмыспен қамтамасыз етеміз, жеке құжаттарын қалпына келтіреміз.Астана қаласының адамы болмаса тұрғылықты жеріне жіберуге тырысамыз.

Вазиль Сұлтанов Астананың тумасы болса да, жазда саябақтардың бірінде жайғасып жатқан жерінен полицейлер автобусқа тиеп, 150 адаммен қоса Қостанай жаққа апарып тастапты. 

Вазиль Сұлтанов: аударма

– Ен далаға апарып тастады. Екі күн жаяу жүрдік. Құжаттарымыз болмағандықтан ғой деймін. ЭКСПО ма, қалай еді. Ішіп алып көзге қотыр болып әрі-бері жүрмесін деп.

Онсыз да жұтаң халық ас-сусыз Астанаға жетіп алған. Кері қайтуға шамамен бес күн кетті дейді. Кейбірі тіпті не үшін айдалғандарын да білмейді.

Астаналық полицейлер болса, үйсіздерді қаңғытқан жоқпыз, емдеп әкелдік деуден танбай отыр.

Азамат Садықов, Сарыарқа аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің басшысы:

- Көрші облыстарда болғанда Ақмола облысының Сілеті ауданында орналасқан нашақорлық пен маскүнемдіктен емдеу орталығына және өзіміздің Астана қаламыздың орналасқан емдеу орталығына 200-ден астам осындай тұлғалар жеткізілді.

Бұған дейін Астана әкімшілігі қаңғыбастардың қала сыртына шығарылғанын жоққа шығарған еді. Бірақ жеме-жемге келгенде ЭКСПО-ның шырқын бұзбасы үшін оларды үдере көшіргенін ақыры мойындады.

- Ал бірнеше тәулік жаяу жүрудің шипасы болды ма, әлде аяздың әсері ме қала кезуге құмар қаңғыбастар бүгін бейімдеу орталығында. Тәртіптері жақсы, ішімдікті де қойған. Бірақ көшіру терапиясының әсері қысқа көрінеді. Семіздікті көтермейтін қаңғыбастар сауық іздеп бір-ақ күнде басы ауып, ескі әдетіне қайта басады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.