{metadescription}
Алматылық полицейлер  көлік ұрлайтын оқушының қулығын әшкерелей алмай отыр
Алматылық полицейлер  көлік ұрлайтын оқушының қулығын әшкерелей алмай отыр

Алматылық полицейлер көлік ұрлайтын оқушының қулығын әшкерелей алмай отыр

Алматыда 15 жасар оқушы он бірінші көлігін ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсті. Өңкей «Маздаларға» қырғидай тиген жеткіншек бесіктен белі шықпай жатып қылмыстың қыр-сырын меңгеріп алған.

Көшеде кетіп бара жатқан көлік «Боран» патрульді полициясының назарына ілігіпті. Тоқтатайын десе, газды басып, тұра қашыпты. Бірақ, жол жиегіне соғылып, дөңгелегі жарылып, тұрып қалған. Сұрастыра келсе, осындай қылмысы үшін бұрын да бірнеше рет ұсталған болып шықты. Тіршілік нәпақасымен үй көрмейтін ата-анасы болса бала тәрбиесіне салақ екен. Ал полицейлер біреулер жеткіншекті қылмысқа әдейі итермелеуі мүмкін деп отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі: 

-Алатау ауданы бойынша деректерді тексере салысымен, қасында бір ересек бала болуы мүмкін деген бір болжамымыз бар . Оны біз қатты тексеру үстіндеміз.  Бұны біз анықтаймыз, жіті тексерудеміз. Қасында кім екенін әлі де айтып жатқан жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.