Тұмауға тосқауыл қойылды
Эпидемиологиялық маусымда дамыл таппадық деген алматылық дәрігерлер, түшкіргеннің алдын алып, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз дейді. Олардың айтуынша, қала бойынша жедел респираторлық вирустық инфекция және тұмаумен сырқаттанатындардың саны былтырмен салыстырғанда 23 пайызға азайыпты.
Автор: Мақсат Мәлік
15.12.2017
Биыл тұмаудың алдын алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен 100 мың доза ресейлік вакцина сатып алынған екен. Жоспар бойынша, барлық вакцинация егу жұмыстары жүргізілді дейді мамандар. Алайда, осы кезең аралығында тұмауға жатпайтын басқа да вирустарды жұқтырған 65 науқас тексерілген. Сондықтан, «сақтансаң, сақтаймын» деген ұранды алға тартқан мамандар, тұрғындарға профилактикалық шараларды қатаң қадағалуға алу керектігін ескертті.
Эльвира Ибрагимова, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:
-Жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмау жұқтырғандардың қатары артса, емханалар күшейтілген жұмыс кестесіне көшеді. Әзірге күн жылы болғандықтан, вакцина салу желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Үлгермегендері жекеменшік емханаларға барғаны дұрыс. Немесе жұмыс берушінің есебінен екпе сала алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!