{metadescription}
0:000:00
«СК-Фармация» енді дәрі-дәрмектен тапшылық болмайды деп сендірді

«СК-Фармация» енді дәрі-дәрмектен тапшылық болмайды деп сендірді

Тегін дәрі енді науқасқа уақытылы жетеді. Дәрі-дәрмек сатып алу ережесін өзгерткен «СК-Фармация» осылай деп отыр. Яғни, мемлекеттен берілетін тегін препатарттарды жеткізуге жауапты мекеме  енді үш айға қажетті дәріні бір компаниядан ғана алмақ.

Сонда науқасқа препарат уақытынан бір күнге де кешікпей, дер кезінде  жетеді екен. Әйтпесе, Денсаулық сақтау министрі келесі жылдың басында  тегін дәрі тапшы болуы мүмкін деп дабыл қаққан еді. Үш айға жететін препаратқа деп бюджеттен 18 жарым миллиард теңге бөлінген. Енді үміткер компаниялар 22-ші  желтоқсанға дейін   тапсырыс беріп үлгеруі тиіс. Содан соң, арнайы комиссия бағасы арзан әрі сапалы өнім ұсынған мекемені таңдап алады. «СК-Фармацияның» басшылары тұтқындалған соң шыққан шешімге сәйкес, компаняидағы кез-келген мемлекеттік сатып алу бойынша байқау онлайн түрде жүргізілмек. Естеріңізге салсақ, Фармация комитеті төрайымының міндетін атқарушы Лариса Пак  пара алды деп айыпталуда. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы бюро «СК-Фармация» компаниясының басшысының да қолына кісен салған-ды.  Максим Касаткин  қазір қамауда отыр. Тергеу мәліметінше, ол шетелден әкелінетін препараттарды  жеткізу мен сақтауды 5 жыл бойы  жалғыз компанияға  беріп қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде