Назарбаев мереке қарсаңында мемлекеттік наградаларды табыстады
Үздіктердің еңбегі еленді! Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізге еңбегі сіңген тір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының қолынан сыйлық алғандардың арасында министр, әкімдерден бастап мәдениет пен спорт саласының үздіктері бар.
Автор: Досжан Маратұлы
15.12.2017
-Қайырлы күн Алматы! Жалпы, Тәуелсіздік күні алдында Ақордада мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанатын өткізу дәстүрге айналған.
Ордендер мен сый-құрметтің түрлері өзгермегенімен, оған лайықты деп танылған азаматтардың қатары жыл сайын жаңарып отырады. Биыл осындай мемлекеттік награда 30-ға жуық азаматқа табыс етілді. Елбасының қолынан алғашқы болып сыйлық алған Ахметжан Есімов. Өзінің туған күні «Қазақстанның еңбек ері» атанған «Экспо-2017- Ұлттық компаниясының төрағасы үшін бұдан асқан сыйлық жоғы анық.
Дәл осындай атақ атақты палуан Жақсылық Үшкемпіровке де берілді. Бұдан соң, «Отан», «Барыс» , «Парасат» , «Құрмет» секілді ордендер табыс етілді. Ол Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа, министр мен әкімдерге, және ерлігімен көзге түскен әскерилерге, мәдениет саласының үздіктеріне, және боксшы Қанат Исламға берілді. Енді олардың кеуделерінде алған наградалары жарқырап жүретін болады. Ал, жұлдызы жанғандарды Елбасы марапатымен және Тәуелсіздік күнімен құттықтап алғыс айтты.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Тәуелсіздікті тәу ететін кез-келген мемлекетке бұдан асқан маңызды мейрам болмаса керек. Осындай айтулы күні мәртебелі марапатқа ие болуының символының мәні өте зор деп санаймын. Сондықтан Ақорданың төріне жиналған сіздер үшін бүгін ерекше мерейлі күн әрине.
Жолы болып марапат алғандардың қуанышында шек жоқ. Бақыттан басы айналып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!