Шағын және орта бизнесті қаржыландыру 2018 жылдың басты тренді болмақ
Сарапшылар алпауыт компаниялардың инвецтициясын бизнестің дәл осы саласын дамытуға күш салатынына сенімді. Бұл туралы бүгін «АТФБанктің» серіктестерімен өткен алғашқы форумында айытылды.
Автор: Асыл Махмет
15.12.2017
Бұл жерде мұнайшыдан бастап фармацевтика саласының майталман кәсіпкерлеріне дейін жиналған. «АТФБанк» бүгін елімізде бизнестің дамуына ат салысып жүрген барлық азаматтардың басын қосты. Алғашқы форумға банкпен бірге өсіп-өніп келе жатқан ЭКО-ФАРМ компаниясының басшысы да келген. Мүслім Жанайұлы АТФ тың қолдауымен бүгінде екі зауыт ашып, елімізде вакум пробиркалары мен гипстың заманауи түрін шығаруды қолға алған.
Мүслім Таласов, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС директоры:
-Біз 2004 жылы келдік бұл компанияға, АТФ Банк бізге сол кезде өте үлкен кредит берген. 75 миллион. Ол кезде көп болған. Қазір миллиардтап алып жатырмыз. АТФ банктің көп жақсылықтарын көрдік.
«АТФБанк» еліміздегі ең ірі он қаржылық институттың қатарына кіреді. Бұндағылар банктің жетістігі оның клиенттерімен тікелей байланысты екеніне сенімді. Сондықтан серіктестеріне пікір сайыс алаңын ұсынып отыр. Осы жерде кәсіпкерлер өзге әріптестерімен тәжірибе алмасып жатты. Сондай-ақ банк алғашқы форумқа Владимир Познерді шақырған. Атақты журналиспен кездесу кеш қонақтары үшін тосын сый болды.
СЕРГЕЙ КОВАЛЕНКО, «АТФ БАНК» АҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
-Шағын және орта бизнес жақын уақытта тек біздің банктің ғана емес жалпы Қазақстандағы бизнес дамуының қайнар көзі болады. Біз соңғы бір жылда клиенттеріміздің өткен жылман салыстырғанда 82 пайызға өскенін мақтанышпен айта аламыз. Ал осы шағын және орта бизнес бойынша 55 мың клинттер мен серіктестеріміз бар.
Мамандар 2018 жылдың басты тренді шағын және орта бизнесті қаржыландыру болатынына сенімді. Ал «АТФБанктің» сарапшылары бұны үш жыл бұрын болжап қойған. Сондықатан бұл жерде кәсіпкерлерді қолдау бірінші кезекте тұр. Осы бастамасы үшін өткен жылы, The Banker журналы «АТФБанкты» ең үздік қаржылық институт деп таныса 2017 жылы банк Private Banking тың жоғары бағасын алып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!