Тегін дәрі енді науқасқа уақытылы жетеді.
Дәрі-дәрмек сатып алу ережесін өзгерткен «СК-Фармация» осылай деп отыр. Яғни, мемлекеттен берілетін ақысыз препатарттарды жеткізуге жауапты мекеме үш айға қажетті препаратты бір компаниядан алмақ.
Автор: Жәудір Оразхан
15.12.2017
Людмила Бюрабекова, Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы:
-Бұл бір реттік шара. Тендер болмайды. Биыл байқау өткізуден кешігіп қалдық. Сондықтан Үкіметке өтініш жасап, үш айға қажетті дәріні бір жерден сатып алуға рұқсат сұрадық.
Ол үшін бюджеттен 18 жарым миллиард теңге бөлініпті. Енді үміткер компаниялар 22 желтоқсанға дейін құжаттарын тапсырып үлгеруі тиіс. Ал СК-Фармация не сатып алса да онлайн трансляцияланады. Бірақ, Денсаулық сақтау министрлігі трансплантация жасатқан науқастарды дүрліктіріп қойды. Шенеуніктер жүрек, бүйрек сынды ішкі мүшесін ауыстырған адамдарға арналған препараттың түпнұсқасынан бас тартып, көшірмесін сатып алған. Арзан дәріден күмәнданған науқастар, оны ішпейміз деп шу шығарды. Онсыз да әрең жүрген жандар сапасыз препарат денсаулығымызды одан сайын құртып аламыз деп қорқып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі болса, 250 миллион теңгеге индиялық компаниядан Микофенолат деп аталатын дәріні сатып алып қойған. Енді дәрінің көшірмесін жаңа жылдан бастап мүшесін ауыстырғандарға бермек. Ал қаншама жылдан бері швейцариялық препаратты тұтынып жүргендер арзан дәріні ішуге мүлдем келіспей отыр.
Ержан Мұхамадиев:
-Мына жерде көнетіндей жағдай жоқ. Себебі, біздің Қазақстанда зерттеуден өтпеген. Басқа мемлекеттерден де өте алмай жатыр. Бізге нақты дәлел керек. 10-15 жыл, 20 жыл өмір сүріп соны ішіп жүрген адамды бізге көрсетіңдерші?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!