Қазақстанда жедел жәрдемнің түсі өзгерді
Қазақстанда кеңестік кезеңнен өзгермеген жедел жәрдем көліктері түрленді. Қызыл крест таққан ақ түсті көліктер енди жаппай сары түске боялмақ.
Автор: Азамат Алдонгаров
15.12.2017
Түс алмастыру үшін елімізде арнайы жаңғырту комиссиясы да құрылыпты. Мамандардың сөзінше, бұл халықаралық талап. Ашық түсті көліктер жол үстінде оңай танылып, жүргізушілер оларға тез жол беруі тиіс. Нәтижесінде дәрігерлер шақыртуға жылдам жетпек. Сарғылт түстің жол қауіпсіздігіне де тікелей әсері бар көрінеді.2018 жылы елдегі барлық жедел жәрдем бір түсті болады.
Нәзигүл Ырымбаева, Республикалық санитарлық авиация орталығының бөлім меңгерушісі:
–Машиналарымыздың түрі ғана өзгеріп қоймайды. Сонымен ішіндегі жабдықталуы да өзгереді стандарттарға сәйкес. Бұның барлығы біздің халқымызға жасалып отырған жағдай. Халыққа дер кезінде жету, дер кезінде көмек көрсету және Қазақстандағы өлім-жітімді азайту мақсаты жүктеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!