{metadescription}
СҚО-да жер дауы қайта өршіді
СҚО-да жер дауы қайта өршіді

СҚО-да жер дауы қайта өршіді

Солтүстік Қазақстан облысы Қара ағаш ауылының 150 тұрғыны кезінде инвесторға сеніп тапсырған жер телімдерін үш жылдан бері кері қайтара алмай жүр. Алғашында оларды жемге қарқ қылған серіктестік тіпті ауылдықтардың бау-бақшасының жерін де жыртып беріп жүріпті. Бірақ кейін шаруасы шатқаяқтаған фермер оларды пай үшін берілетін үлестің өзіне  жарытпай қойған. Есесіне жерді кепілдікке қойып, банктен  несие алған екен.  Енді  ол оған инвестор не өзі бидай екпейді, не халыққа қайтарып бермейді.

Ауылда үш жылдан бері басылмай тұрған дауға бүгін аудан әкімінің өзі араласады екен дегенді естіген халық мектеп ғимаратына қарай ағылды. Әкім өзімен бірге инвестордың да өкілін ала келіпті. «Атамекен Агро» акционерлік қоғамының заңгеріне ашынған жұрт дүрсе қоя берді.

Серік Мұхаметжанов, Қара ағаш аулының тұрғыны:

-«Атамекеннің»  жоғарыда бір көкесі бар екен. Сіздердің бұл жерлерің кеткен деп, жүрегіңді ауыртады да қояды. Енді аштық жариялау керек пе, алде «Атамекенмен»  барып қырылу керек пе бізге, сонда не істеу керек?! 

 «Атамекен агро» компаниясына  осыдан он екі жыл бұрын Қара ағаш ауылының 150 тұрғыны екі мың гектардай алқабын сеніп тапсырған екен.  Алғашында бәрі жақсы болған. Соңғы 4-5 жылда пай үлестеріміз үшін ақша тұрмақ көгерген бидай да көргеміз жоқ дейді халық.Тек былтыр ғана жырымдап 4 мың теңгеден үлестіріпті.

-Серіктестік мына алқапқа соңғы 4-5 жылда мүлдем бидай сеппепті. Тұрғындардың айтуынша,  техникалық мүмкіндіктері болмаған көрінеді. Игерілмей жатқан жерлерді әкімдік қайтарып алмас үшін көзбояушылыққа салынып тек шет жағын ғана жыртып қоя салады екен.

Шыдамы таусылған халық соңғы үш жылдан бері жерлерін кері қайтара алмай сот жағалап жүр. Аудандық сот істі тұрғындардың пайдасына шешіп берген, бұл шешімді облыстық сот та қолдапты. Енді инвестор Жоғарғы сотқа шағым түсірген.

Сталина Кукс, «Атамекен Агро» АҚ заңгері:

-Қазір жұрт  жер телімдерін бізден  алып, шағын шаруа қожалықтарына бермекші. Олардың  не техникасы, не тыңайтқыштары жоқ. Сондықтан ертең бұл жерлер мүлдем игерілмей қалады. Біз  бұл алқаптарға гербицид салдық, оны игеріп жатырмыз, яғни шығындандық. Оны енді неге жайдан жай қайтара салуымыз керек?

Жоғарғы соттың не шешім шығаратынын жұрт іштен тынып күтіп отыр. 33 мың гектар алқабы бар инвестордың неге халықтың  айналдырған екі мың гектарына қарап қалғанын олар түсінбейді. Жиналысқа келген аудан әкімі де тараптардың дауына атқамінерлердің араласа алмайтынын алға тартып, жұртқа басу айтудан әрі аса алмады.  

Мұратбек Әбішев, Есіл ауданының әкімі:

-Заңмен істеу керек. Түсініп тұрмын үш жылдан асып жатыр, болмай жатыр. Сот арқылы  шешілмесе басқаша шешілмейді. Ертең трактордың астында жатамыз деп жүрмеңіздер. Бұндайға бармаңыздар!

Шаруасы шатқаяқтай бастаған инвестордан көрші ауылдың да 300 тұрғыны өз пайларын үш жылдан бері даулап жүр екен. Егер Жоғарғы сот халықты  қолдамаса, қараағаштықтар алдағы жылы Петропавлда өтетін шекаралас елдердің форумына келіп, өз шағымымызды мемлекет басшысына өзіміз жеткіземіз деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде