Ақтөбеде еріктілер қаңғыбастарды қамқорлығына алды
Ақтөбелік қаңғыбастардың қақаған қыста жайлы жерге барғысы жоқ. Оның орнына жылу құбырларын жағалап, арақ ішіп жүргенді қалайды. Бірақ оған қарамастан бейімдеу орталығындағылар еріктілерді ертіп алып, арнайы көлікпен кезбелерді жинап жүр. Себебі, аязды күні өлмесе де, аяқ-қолын үсітіп алатындары көп.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.12.2017
Таң атпастан мына жылу қазандығының маңында қоқиып отыру қаңғыбастардың күнделікті әдеті. Бейімдеу орталығының мамандары осы алты адамнан тұратын топтың бұл жерден айналшықтап шықпайтынын айтады. Оразаларын арақпен ашып, жүре алмаса жылу құбырын құшақтап ұйықтай салады екен. Ең қызығы, қаңғыбастардың өзара бөліп алған аймақтары бар. Топтарына бейтаныс адамдарды көп жолатпайды. Арақ пен ас үшін қоқыс жағалап, қара жұмысқа да жалданады.
Сабыржан Қасымов:
-Жүреміз бөтелке, темір жинап. Басқа не істейміз? Кімге көмек беру керек. Қар күрейсің.
Қазір бейімдеу орталығындағылар қаңғыбастарды іздеп, қала аралап жүр. Ойлары –қақаған қыста оларды далада қалдырмау. Шұғыл топқа еріктілердің тигізер көмегі көп. Кезбелердің жүрген жерін айтып, жедел жеткізіп отырады екен.
Мәдина Бақтыбаева, ерікті:
-Біз осындай патрульмен бірге машинамен шығамыз. Ондай адамдарды іздейміз. Тауып алғанан кейін көмек көрсетеміз. Біз таныстарымыздан біліп отырсақ сол жерге апарамыз адамдарды.
Мамандар қаңғыбастардың мұндай қамқорлықты бағаламайтынын айтады. Себебі жуынып-шайынып, ес жиған соң жылы жерден тайып тұрады екен.
Гүлмира Мәмбетова, Ақтөбе облыстық белгілі тұрағы жоқ адамдарды бейімдеу орталығының аға мейірбикесі:
- Әлденіп алғанан кейін кетіп қалады. Үйренген арақ ішуге. Бізде күзет бар. Тәртіп қатаң. Сосын олар тұрғысы келмейді.
Ақтөбедегі 65 адамға шақталған орталықта қазір елуден астам қаңғыбас тұрып жатыр. Қыста олардың саны екі жүзге жуықтайды.
-Бұл - Ақтөбедегі қаңғыбастар жиналатын орындардың бірі. Оларды бүгін алып кеткенімен, ертең осы жерге қайта оралары анық. Себебі, мамандар қаңғыбастықты аурудың бір түріне жатқызады. Яғни олар қанша жерден жағдайын жасап, қарнын тойдырып, қамап ұстасаң да кезбелік өмірді аңсап тұрады екен.
Ақтөбеде еріктілер қаңғыбастарды қамқорлығына алды
Жаңалық Ахаш

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!