{metadescription}
Елімізде жаңа жылдан соң жанармай мәселесі толық шешілмек
Елімізде жаңа жылдан соң жанармай мәселесі толық шешілмек

Елімізде жаңа жылдан соң жанармай мәселесі толық шешілмек

Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты жаңа жылдан бастап Қазақстанды жанар-жағар маймен толық қамтамасыз етеді. Бүгін Атыраудағы зауытта қытайлықтармен бірлесіп қыруар қаржыға салынған қара алтынды тереңдетіп өңдеу кешенінің ең соңғы, яғни үшінші сатысы іске қосылды.

Шенеуніктер осыдан кейін еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты ішкі нарықты сапалы өніммен 100 пайызға қамтамасыз етеді деп отыр. Яғни келесі жылдан бастап көршілерге көз сүзбейтін боламыз. Бүгін іске қосылған су жаңа кешен кідірмей жұмыс істеп тұрса, келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап, осы жерден Еуро-4 және Еуро-5 класты өнім де шығарыла бастамақ.  Бірақ бұл жағдай елімізде күннен күнге көтеріліп тұрған жанар-жағар май бағасының төмендеуіне әсер ете ме, ол жағы әзірге белгісіз болып тұр. Айта кетейік, аталған кешен құрылысы 2012 жылы басталып, оған Қытай тарапынан 1 миллиард 130 миллион доллардан астам қаржы бөлінсе, Қазақстан даму банкі 258 миллиард теңге салды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде