{metadescription}
Алматыда егіз ұлдарын өлтірген ата-аналарға прокурор ең ауыр жаза кесуді сұрады
Алматыда егіз ұлдарын өлтірген ата-аналарға прокурор ең ауыр жаза кесуді сұрады

Алматыда егіз ұлдарын өлтірген ата-аналарға прокурор ең ауыр жаза кесуді сұрады

Өз ұлдарын аямағандарды заң да аямауы керек! Алматыда егіз балаларын қатыгездікпен өлтірген ер адамның өмір бойына бостандық көрмеуі мүмкін. Бүгін прокурор сәбилерді қолымен тұншықтырып өлтірген әкеге осындай жаза сұрады. Қылмысқа қатысы бар делінген безбүйрек ананы да 19 жылға түрмеге қамауды талап етті. Бұған қоса қандықол ата-анаға айыппұл арқалатпақ. Отағасы сұмдық қылмысқа барғанын мойындаса, әйелі әлі де өзін ақтап әлек.

Дүйім жұртты дүрліктірген іс аяқталуға жақын. Бүгін сотта мемлекеттік айыптаушы қанышер ата-анаға жаза сұрады. Айтуынша, ерлі-зайыптының 2 адамға ажал құштырғаны толығымен дәлелденген. Яғни, егіздерді өздері дүниеге әкеліп, өздері өлтіріпті. Оларды тұншықтырған - Эмиль Гильмутдинов. Бұл туралы Алла Волченко екеуі алдын-ала келісіпті. Оны тасбауыр әкенің 3 бірдей жауабы да растаған дейді прокурор. Сондықтан, ел естімеген қылмыс жасаған есі дұрыс ересектерді аяп қалмады. Марқұмдардың жанын қиған әкені өмір бойына соттауды талап етті. Оның жарына да ауыр жаза сұралды.

Расул Есдәулетов, мемлекеттік айыптаушы:

- Алла Волченконы кінәлі деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Бұған қоса, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу керек. Ол жазасын қауіпсіздігі күшейтілген мекемеде өтесін.

Сотқа зардап шегуші ретінде білім бөлімінің маманы қатысуда. Өйткені, қанышер ерлі-зайыптының үлкен ұлы қазір солардың қарауында. Екеуінің 2 жасар баланы да далада қараусыз тастап кеткенін еске салайық. Бүгін зардап шегуші тарап Эмиль мен Алланың 3 ұлына да салғырт  қарағанын мәлімдеді. Сараптама кезінде олардан түрлі аурулар анықталған. Тіпті, егіздердің аштықтан өлген болуы да мүмкін дейді.

Айткүл Кемебаева, Медеу аудандық білім бөлімінің бас маманы:

- Салауат пен Ринат физикалық жағынан дамымай қалған. Жүйке жүйесінде зақым болыпты. Дәрігерлердің қарауында мүлдем болмаған. Үлкен ұлы да дәл солай. Өз балаларына бұлай қарау - дұрыс ата-ананың ісі емес. Аң екеш аң да баласын қорғайды. Бұл қылмысты ақтауға мүлдем болмайды.

Десе де, Волченконың өзі қылмысқа түк қатысым жоқ деуден танар емес. Айтуынша, тергеу амалдары дұрыс жүргізілмеген. Ол прокурор сұраған айыппен мүлдем келіспейді. Қорғаушысы да әйелдің кінәсі дәлелденбеген деп отыр. Сондықтан, судьядан оны біржолата босатуды сұрады. Күйеуі де сот басталғалы әйелін барынша ақтауда. Ал, Гильмутдиновтің өзі егіздерді өлтіргенін растағанымен, өмір бойына түрмеге қамалғысы жоқ.

Эмиль Гильмутдинов, сотталушы:

- Өз кінәмді мойындаймын. Ол кезде не істеп жатқанымды өзім де білмедім. Есімнен танып қалдым. Бұл үшін қатты өкінемін. Бірақ, мемлекеттік айыптаушының өмір бойына соттау туралы сөзімен келіспеймін.

Ерлі-зайыптылар мұның алдында жазаларын жеңілдететін жол іздеген. Яғни,сақшыларға өз аяғымызбен бардық деп еді. Бүгін оны растау үшін полиция басқармасының өкілінен жауап алынды. Әрі ол күдіктілердің ішке еріктерімен кіргенін жоққа шығарды. Ғимараттың сыртында тұрған жерінен өзі шақырып алыпты.

- Алла Волченко үлкен ұлына қатысты аналық құқынан құқығынан айырылғысы келмейді. Бүгін судьяға осындай өтініш білдірді. Әрі сотқа өзі туралы жазылған жағымды мінездемелер алып келіпті. Осылайша, 19 жылдық түрме азабынан құтылуға тырысуда. Келесі жолы айыпталушы әйел соңғы сөзін айтады. Сөйтіп, көп ұзамай екеуіне де үкім кесілмек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде