Шығыс Қазақстанда сабақ тоқтатылды
Шығыс Қазақстан облысын сарышұнақ аяз қыспаққа алды. Соның кесірінен Өскемен мен Семейде бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.12.2017
Бұл өңірде ауа температурасы аяқ астынан күрт төмендеп кеткен. Тіпті қазірдің өзінде Семейде сынап бағанасы 28 градус суықты көрсетіп тұр. Сондықтан қала мектептеріндегі екі ауысымда да оқитын 1-4-ші сынып аралығындағы оқушыларды сабақтан босатуға тура келген. Ал «Қазгидромет» мамандары ауа райының әлі де суй түсуі мүмкін екен алға тартуда. Енді жергілікті төтенше қызметтің өкілдері тұрғындарға, аса маңызды болмаса, ұзақ жолға шықпау туралы да кеңес беруде.
Думан Икенов, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері:
-28 градус аяз сақталып тұр. Сондықтан қала тұрғындары мен қала қонақтарына, қала сыртына шыққанда сақ болуды сұраймыз. Сондай-ақ, әзірге барлық бағыттағы жолдар ашық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!