{metadescription}
0:000:00
Мерекеге орай «Алматы  іңкәрім менің» ретрофестивалінің телевизиялық нұсқасы көрсетіледі

Мерекеге орай «Алматы іңкәрім менің» ретрофестивалінің телевизиялық нұсқасы көрсетіледі

Ән айтып, би билейтін уақыт келді! КТК телеарнасы мерекеге орай «Алматы  іңкәрім менің» ретрофестивалінің телевизиялық нұсқасын ұсынады. Естен кетпес ән кеші күздің басында болған еді. Көз тойдырар көріністерге толы кеште отандық және шетелдік өнер жұлдыздары әсем әндерін жанды дауыста шырқаған болатын. Енді соны еске алудың сәті келді. КТК көрермендері бұл кереметті желтоқсанның 16-сы және 17-сі күндері тамашалай алады.

17 жылдан бері қала тұрғындарын әнмен тербеп келе жатқан «Алматы  іңкәрім менің» ретрофестивалі керемет шоу мен дарынды әншілердің, танымал әндердің ұйысқан ортасына айналған. Шара ұйымдастырушылары биыл да ерекше өткізуге тырысқан. Соңғы 20 жылдағы біздің ән өнеріміздің қаншалықты өзгергенін көрсетуге тырысқан. Әншілер де ән-мен жырдың жарқын үлгісін көрсетуге тырысқан.

Бұл әндерді ұмыту мүмкін емес. Құлақтан кіріп бойды алған небір тәтті саздар осында келгендердің көңілін ажарландырып-ақ жіберген. Кеш қонақтарының бәрі дән-риза. Бұл жолғы кеш те ерекше жұптардың орындауындағы әндермен есте қалды. 

Биді қыздырып жатқандардың көңіл-хошын келтірген Серікбол Сайлаубек болды. Осы кеште оның орындауындағы «Земляне» және «Трава у дома» әндерін бүгінгі ұрпақ барынша сағыныпты. 34 жыл бұрын дүниеге келген осы әндерге елдің бәрі билеп жүр.

«Алматы  іңкәрім менің» ретрофестивалінің биылғы серіктесі «ERG» (И-Ар-Джи) Еуразиялық Тобы болды. Компания атынан бұл шарада Павлодар алюминий зауыты кәсіподақ ұйымының бас маманы Дарья Селезнева болды.

Еліміздің бас ретрофестиваліне қатысуды бәрінің аңсағаны анық. Жоғалған ештеңе жоқ. КТК арнасы ондай мүмкіндікті ұсынады. Ол үшін желтоқсанның 16-сы және 17-сі күндері біздің арнаны қосса болғаны. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде