{metadescription}
Астанада қалпақ киген аялдаманы жұрт сынап тастады
Астанада қалпақ киген аялдаманы жұрт сынап тастады

Астанада қалпақ киген аялдаманы жұрт сынап тастады

Аялдама ойлап табудан шебер астаналық шенеуніктер тағы таңқалдырды. Бұл жолы Астана әкімдігі өз ғимараттарының алдына қалпақ іспеттес аялдама жасап қойған.

Атқамінерлер аялдамаға қызғылт-сары мен алқызыл түсті пенопластан  тоқылған бас киімді сәндік үшін кигізіпті. Сарыарқа ауданы әкімі Нұрлан Тұрлыбек интернеттегі парақшасында: «қыс келді, қалпақ киюді ұмытпаңыздар. Әсіресе, жастар мен мектеп оқушылары бас киімсіз жүреді. Сіздер түгілі астаналық аялдамалар да қалпақ киіп алған. Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар» деп жазды. Әзірге Елордада бас киімді  автобус күтетін орын жалғыз. Оны әкімдік мемлекет қаржысына салған. Қанша ақша жұмсағаны белгісіз. Ал жаңа аялдамаға қатысты тұрғындардың бірі бұл бюджет ақшасын ысырып ету десе, екіншілері түкке тұрғызысыз деп сынап жатыр. Қалпақ кигізуден бұрын Арқаның аязында жылы аялдамалар салса игі еді дейді олар.

-Жылы аялдамалар көп керек суықта. Әсіресе, қаланың шетіне керек.

-Негізі, жылы жасаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, далада күтіп тұрған, суықта тұру мүмкін емес. Денсаулық керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде