{metadescription}
Тайфун жайпап жатқан Филиппинде қазақстандықтар да бар болып шықты
Тайфун жайпап жатқан Филиппинде қазақстандықтар да бар болып шықты

Тайфун жайпап жатқан Филиппинде қазақстандықтар да бар болып шықты

Табиғат апаты қыдырып барған отандастарымызды біраз әбігерге салған.

Нұрбай Қыдырбай, турист:

- Филиппин аралдарына 15 желтоқсан күні 3 досыммен ұшып келдім. Біз келер алдында жаңбыр 2 күн жауды, біз келген соң тағы да 2 күн жауды.Әрине біздің ойымызда болды, жаңбырдың екінші күні басқа аралға ұшып кетуге, бірақ үшінші күні ауа райы жақсарды.

Оларды тайфунға еті үйренген жергілікті тұрғындар сабырға шақырған. Ал, елшіліктен ешкім байланысқа шықпапты. Филиппиндегі Қазақстан азаматтары қазір демалыстарын жалғастыруда. Десе де, қатты дауыл тағы қайталануы мүмкін. Филиппин аралдарында «Урдуджа» тайфуны жексенбіде ойран салған болатын. Оның арты нөсер жауын мен лай көшкініне ұласты. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғат апаты 41 адамның өмірін жалмапты. Десе де, қирандылар астынан сәт сайын мәйіттер табылуда. Сондықтан, бұл санның әлдеқайда артуы мүмкін. Тағы 50-ге жуық адам із-түссіз жоғалғандар санатында. Апаттан қатты зардап шеккен - Билиран провинциясы. Болжам бойынша, дауылдан келген шығын көлемі10 миллион долларға жуықтайды. Туристер көптеп баратын Боракай аралын да белуардан су басқан. Тіпті, мұндағы мыңнан аса адам еліне уақытылы қайта алмай қалды. Өйткені, әуежайға дейін жұмысын тоқтатқан болатын. Ал, қазір жағдай тұрақталған көрінеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.