Атырауда мұнай зауытында болған апаттың себебі айтылды
Өрт ауадан болған. Өткен аптада отқа оранып, атыраулықтарды дүрліктірген мұнай өңдеу зауытында осы оқыс жағдайдан кейінгі жөндеу жұмыстары аяқталды. Өрт шыққан құбырды 4 күн бойы тексергендердің айтуынша, онда саңылау пайда болып, ішіне ауа кірген.
Автор: Жанар Низамутдинова
19.12.2017
Бұл өз кезегінде зауыттан шығатын мұнай өнімдері көлемінің азайып кетуіне әсер еткен еді. Яғни ақаулы құбыр қалыпқа келтірілгенше тәулігіне 14 мың тонна өнімнің орнына 7 мың ғана шығарылған. Қазір зауыт бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге салсақ, 11 желтоқсанда зауыттағы мұнай өнімдерінің қалдығын қайта өңдеу қондырғысында өрт шыққан. Қайта ешкім зардап шекпеген. Қазір бұл оқиғаға байланысты экологтар мен табиғат қорғау прокурорлары бірігіп, қоршаған ортаға қанша зиян келгенін анықтап жатыр. Оның қорытындысы бойынша зауытқа қомақты айыппұл салынуы әбден мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!