Павлодарда қайнаған суға күйген зообақтағы жануарлар қырылып қалды
Павлодарда зообақта болған апаттан елуге жуық жан-жануар қырылып қалды. Бұған нысан ішіндегі жылу құбырының жарылуы себеп болған. Хайуандар сол ыстық суға күйіп өлді. Айрықша зообақ иесі Ольга Горбикованың айтуынша, мұндай төтенше жағдай бұған дейін де болған. Бұл жерді жалға алған ол нысан қожайынынан құбырларды ауыстыруды бірнеше рет сұрағанымен, ештеңе өзгермепті. Ақыры қатты қысымға шыдамаған пластикалық құбыр тағы да жарылған. Жануарларды елге ұстап көрсетіп, табыс тауып келген кәсіпкер енді өзін тақырға отырғызған азаматтан 2 миллион теңге материалдық шығын өндіріп алуға...
Автор: Әйгерім Шакаманова
19.12.2017
кініп отыр.
Ольга Горбикова екі тәулік бұрын болған оқиғадан әлі ес жия алар емес. Айтуынша, зообақта төтенше оқиға орын алды дегенді естіп жеткенінде өзін қоярға жер таппапты. Өйткені екі жыл бойы күтіп баққан тышқан, жылан, қоян, жанат, тасбақа, кірпі тағы басқалары тірідей буға пісіп қалған екен. Бұған зообақтағы жылу құбырының жарылуы себеп.
Ольга Горбикова, зообақ иесі:
– Бұл жануарлардың бәрін балаларымдай жақсы көрдім. Бәрі қолға үйретілген болатын. Бір адамның ұқыпсыздығынан қырық жануар бір сәтте тірідей қырылып қалды. Нысан қожайыны келді, дым болмағандай кетіп қалды. Тіпті кешірім де сұрамады.
Екі қабатты нысандағы бөлмені бір ай бұрын ғана жалға алған әйелдің айтуынша, осыған ұқсас апат бұған дейін де болған. Бірақ іштегі мамандар күндізгі төтенше жағдайдың алдын алып, жануарларға еш зақым келмеген. Бұдан соң қожайыннан құбырды түгел ауыстыруды сұрағандарымен ештеңе өзгермепті. Ақыры қатты қысымға шыдамаған пластикалық құбыр тағы да жарылған. Бұл жолы шығынға әбден батқан кәсіпкер енді келтірілген нұқсан көлемін есептеп те қойған. Оның бір жыланы мен ешкемері ғана аман қалыпты.
Виталий Терновский, Ольга Горбикованың адвокаты:
– Жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асатын шығын келтірілген.Оның 1,5 миллион теңгесі жануарлар болса, қалғаны суға бүлінген жабдықтар. Оқиға орнына бір емес, үш рет полиция шақырттық. Оның өзінде тәртіп сақшылары ешқандай хаттама толтырмады. Қажетті әрекеттерді өзіміз жасап, бәрін суретке, видеоға түсіріп алдық.
Полицейлерден қайыр болмаған соң зообақ иесі буға күйіп қырылған жануарлардың денесін суық орынға апарып қоюдан басқа амал таппапты. Жан-жануар десе жанын беретін ол хайуандардың осы апаттың кесірінен өлгенін дәлелдеу үшін сараптама жасатуды жөн көрген. Ал жануарлардың жаппай қырылуына қатысты әзірге еш құзырлы орган ақпарат таратпай отыр.
-Бұл айрықша зообақта хайуандарды ұстап, сипап көруге болатын. Ал олардың жаппай қырылуы әлеуметтік желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмады. Бірі хайуандарды аяп жатса, тағы бірі оларды торға қамап ұстаған кәсіпкер әйелді жазғырған. Қалай дегенмен, Ольга Горбикованың шығынға батқаны рас. Хайуан мен қарекеті үшін қайғырған әйел енді нысан қожайынынан материалдық шығын өндіріп алуға бекініп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!