Биткоин бағасы секунд сайын өсіп жатыр
Биткоин бәрін басып озды! Күн санап өскен криптовалютаның құны мереке күндері тағы жоғарылай түсіп, 20 мың долларға жақындады.
Автор: Аруна Ортай
19.12.2017
Бұл криптовалюта үшін рекордтық көрсеткіш болды. Қазір бір биткоинның құны 17 мың 800 доллар. Бірақ, алдағы тәулікте бұл курстың өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Себебі, электрондық ақшаның құны біресе көтеріліп, біресе түсіп жатыр. Дегенмен, биткоин құны қарыштап өспесе, айтарлықтай арзандаған емес. Өйткені, өткен сенбінің өзінде ол 19-20 мың долларға бірақ-ақ көтерілді. Бұған криптовалютаның фьючерс ретінде Чикагодағы қор биржасында саудалана бастауы себеп болса керек. Бұдан кейін оның Нью-Йорктағы қор биржасына да енуі әбден мүмкін. Бұл жағдайда биткоинның құны тағы өсетіні анық. Соның нәтижесінде оның негізін қалаушы "Сатоси Накамотоның" да байлығы еселене түсіп, әлемдегі ең қалталы адаидардың тізімінде 44 -ші орында тұр. Оның байлығы 19,4 млрд доллар деп бағаланды. Сатоси Накамото бұл лақап есім. Жүзін жасырған миллиардердің 980 мың биткоины бар. Күзде ғана криптовалюта 6 мың доллардан сатылғанын еске сала кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!