{metadescription}
Алматыда байлар тұратын элиталық көпқабатты үйден өрт шықты
Алматыда байлар тұратын элиталық көпқабатты үйден өрт шықты

Алматыда байлар тұратын элиталық көпқабатты үйден өрт шықты

Төтенше оқиға мерекеге орай алаңсыз демалып жатқан жұртты біраз әбігерге салған.

Қызыл жалын тапа-тал түсте нысанның шатырындағы пентхаустан тұтаныпты. Онда дереу жеткен құтқарушылар 50 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Қымбат үйлерінен қою қара түтін шыққанын көрген тұрғындар әбден қорқып қалыпты. Құдай сақтап, одан ешкім зардап шеккен жоқ. Тілсіз жау жалпы аумағы 40 шаршы метр жерді күлге айналдырған. Бірақ, соның өзі өрт сөндірушілерді аяқтан тік тұрғызды. Өйткені, төтенше жағдай тым биікте болып, отпен күресу оңайға соқпаған. Оның бетін қайтаруға 53 құтқарушы мен 11 техника жұмылдырылыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде