{metadescription}
Ультракүлгін - келер жылдың ең сәнді түсі деп аталды
Ультракүлгін - келер жылдың ең сәнді түсі деп аталды

Ультракүлгін - келер жылдың ең сәнді түсі деп аталды

Әлем дизайнерлері өзін көрсетуді қалайтындарға тек осы түсті киімдерді киіп жүруді ұсынуда. Ал Қазақстанда күлгін түс ә дегеннен-ақ көпшіліктің басын айналдырып алғандай. Өйткені, қыз-қырқын қолаң шаштарынан бастап, үй қабырғасына дейін күлгін түске бояп та қойған.           

Әшекей, көзілдірік, бет орамалға дейін енді тек күлгін түстісі ғана сәнді. Қашанда жұртқа көрініп жүруді қалайтын голливуд жұлдыздары бастан-аяқ күлгін түсті киіп те үлгерген. Ал оларға еліктеген біздің арулар болса, бірінші боп шаштаразға барыпты.

Виктория Әбдісадықова:

-Сауда орталықтарында адамдар сұқтана қарайды. Әртүрлі пікірлер айтады. Бірақ, көбінесе, кішкентай қыздарға ұнайды. Қуыршақ немесе перизатқа ұқсатып жатады.

Күлгін түс, тіпті, ақ түстің өзін артта қалдырыпты. Өйткені, той агенттіктерінің мәліметінше, қалыңдықтар күлгін түсті көйлектерге жаппай тапсырыс беріп жатқанға ұқсайды. Осылайша, халықаралық «Pantone» институты аттай қалап таңдаған «жылдың түсі» күллі адамзаттың көңілінен шыққан. Жаңа тренд біздің елге де қас бен көздің арасында жетіп, жұрт жатын бөлмелеріне дейін осы түске бояуда.

Айнаш Наурызбаева, үй дизайнері:

-Қандай перде таңдайтынымды әлі ойланып отырмын. Ашық күлгін немесе декорлы түрін таңдаймыз. Қазір ауыр перделер сәнді емес, орнына жеңіл маталар ұтымды көрінеді.

Айнаш Наурызбаева түсқағаздарын түгелдей тек осы түске ауыстырыпты. Айтуынша, ультракүлгін үйдің реңін ашып, құт-берекені арттырады екен. Осыған қатты сенсе керек, келіншек аспалы шамның да күлгін түстісін сатып алған. Жалпы, күлгін түс тек қыз-келіншектердің ғана емес, аса талғампаз отандық сәнгерлердің де көңілін тапқан.       

Роман Александров, сән продюсері:

-Күлгін түсті кеудешені мәселен жасыл немесе қызыл түсті орамалмен киюге болады. Күлгін түс жараспайтын адам жоқ. Қол сөмке, көзілдірік, тағы сондай элементтерді де пайдалануға болады. Қалай болғанда да күлгін түсті кимей, далаға шықпаңыз. 

Тон, туфли, қол сөмке дейсіз бе дүкендерде тек күлгін түстілері ғана қалғандай. Ал басқа түстер сөрелерден ұшты-күйлі жоғалғандай. Қызығы сол, тек сәнгерлер ғана емес, психологтар да бір кісідей келісіп алғандай, тек күлгін түсті киімдерді киюге кеңес етуде.

Мария Тольцман, дәрігер -психотерапевт:

-Күлгін түсті ұнататындар - ертеңгі күніне сенімді адамдар. Ондай кісілер келесі жылы әлбетте жолы болғыш, әрі анағұрлым табысты болуы мүмкін. сондықтан, күлгін түсіт тастамаңыз. Әлбетте, ол ақша шақырады деген наным да бар.

Десек те, күлгін түс ақша шақырады деушілер, келер жылы жұрттың бәрі байып шыға келе ме деген сауалға жауап беруден бас тартты. Қалай дегенмен  де көлік шығарушылардың басқасының барлығы осы түске басымдық берген. Әрине, әркімнің өз көңілі өзіне патша.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.