{metadescription}
Түтінге тұншыққан астаналықтар жағымсыз иістен жақында арылмайды
Түтінге тұншыққан астаналықтар жағымсыз иістен жақында арылмайды

Түтінге тұншыққан астаналықтар жағымсыз иістен жақында арылмайды

Елорданың экологиялық ахуалын жақсарту үшін кемі 2-3 жыл уақыт қажет. Мәселені шешуге мықтап кіріскен әкімдік ауқымды жоспарымен бөлісті.

Айтуларынша, бас қаланың ластануына ең алдымен қаптаған көліктер кінәлі. Әрі жылу қазандықтары мен жеке үйлердің мұржасынан шыққан түтіндер де ауаның бұзылуына себеп. Оның үстіне желдің жоқтығы тұманның еселенуіне әкеп соққан. Сондықтан жұрт қыс түссе болды түтінге тұншығады. Енді әкімдік қазандықтарға түтін сүзетін қондырғы орнатып, көмір мен бензиннің сапасын қатаң бақылауға алмақшы.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

-Экологтар ауаның ластануына осы үш фактордың әсер еткенін айтады. Сондықтан, әрқайсымен жеке-жеке күресеміз. Ең алдымен өзіміздің әкімдікке тиесілі машиналарды газға ауыстырамыз. Мәселені, толық шешу үшін екі-үш жыл уақыт қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде