{metadescription}
Алматыда кассадағы ақшаны жымқырған зообақ есепшісі 7 жылға сотталды
Алматыда кассадағы ақшаны жымқырған зообақ есепшісі 7 жылға сотталды

Алматыда кассадағы ақшаны жымқырған зообақ есепшісі 7 жылға сотталды

Марина Назарова бақандай 32 миллион теңгені ұрлады деп айыпталған. Алайда, онсыз да аты шулы жануарлар бағында ақшаның жоғалуына бухгалтердің қатысы жоғын айтып азар да безер болған туыстары үкім шығарған судьяны тура сот залында сыбап салды.

Судьяның ит терісін басына қаптаған келіншектің туыстары соңына дейін оның ақталатынына сеніпті. Айтуларынша, зообақтың кассасынан ұрланған 32 миллион теңге бұлардан табылмаған. Сондықтан, босатып жібереді деп үміттенген екен. Алайда, сот ақша жымқырған әйелге ең ауыр жаза кесті. Жануарлар бағының кассирі 7 жылға сотталып, әрі оның бар мүлкі тәркіленді. Бұдан бөлек, Марина Назарованың 5 жыл есеп-қисаппен айналысуына тыйым салынды. Бухгалтердің былығы 5 ай бұрын әшкере болған. Зообақ басшылығының айтуынша, әйелдің бір өзі кассадан 32 миллион теңгені тып-типыл етіпті. Ал осыншама қаржыны ұрлатып ай қарап отырған Алматы хайуанаттар бағы бұған дейін де талай мәрте айқай-шуға қалған. Бағалы аңдарға бас-көз бола алмай, өлтіріп алғаны былай тұрсын, енді соларға тиесілі ақшаны талан-таражға салдырып алып отыр. Десе де, сот залынан ашулы қайтқан әйелдің туыстары жоғалған ақшаға қатысты зообақтың өзін тергеу қажет деп отыр.

Валерий Назаров, сотталушының күйеуі:

-Кінәлі болса, онда ақша қайда? 32 миллион қайда? Ондай ақша бізде болған емес! Өмірімде көрген емеспін ондай ақшаны? Үкіммен келіспеймін! Аппеляцияға беремін! Әйелімнің кінәсі жоқ! Ақшаны ол алған жоқ!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.