Шымкентте газ жарылып, салдарынан анасы мен қызын күйік шалды
Оқиға таңғы мезгілде Тассай ауылындағы жер үйде болған.
Автор: Бек Әбиев
20.12.2017
Жер астынан өткізілген газ құбырында жарық пайда болып, содан жиналған газ бір сәтте баспананың күлін көкке ұшыра жаздады. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, тұрғызылғанына 4 жыл болған үйдің қабырғалары қақырап, жарамсыз күйге түскен. Тұрғындардың бірі газ құбырына заңсыз қосылып, салдарынан полиэтилен құбырға сызат түсуі мүмкін деген болжам бар. Қазір бұл іспен төтенше жағдайлар мамандары мен полицейлер айналысуда. Ал күйік шалған 30 жастағы әйел мен 6 жасар қызды аман алып қалу үшін дәрігерлер арпалысып жатыр.
Мұхит Досыбаев, ОҚО жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығы күйік бөлімшесінің меңгерушісі;
-Түскен кездегі жағдайы өте ауыр. Күйік шалуына байланысты қойылған диагнозы бойынша термиялық күю от-жалынмен 2-ші және 3-ші дәрежелі. Дененің 53 пайызын күйік шалған. Жағдайының ауырлығына байланысты қазіргі таңда жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!