{metadescription}
0:000:00
Үкімет ереже бұзған көлік жүргізушілеріне барынша жеңілдік жасамақ

Үкімет ереже бұзған көлік жүргізушілеріне барынша жеңілдік жасамақ

Шенеуніктердің бұл ұсынысын депутаттар да қолдап отыр. Жаңа құжатқа сай, жолда заң бұзғандар көбіне ескерту алады. Тек шектен  шыққандар айыппұл арқалайды, кей жағдайда куәлігінен айырылмақ. Бүгін Мәжіліс осындай өзгеріс енгізілген жаңа Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексті мақұлдады.

-Жаңа кодекс бойынша жүргізушілерге қандай жағдайда жеңілдік жасалады?

Мәселен, ереже бұзған көлік жүргізушісі айыппұлды он күннің ішінде төлесе, айтарлықтай жеңілдік алады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға арналаған тұраққа темір тұлпарын қойған азаматқа енді 22 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Бұрын мұндай жағдайда жүргізушілер мемлекетке 113 мың теңге төлейтін. Сенат бірқатар өзгеріс енгізіп, төменгі палатаға қайта  жіберген Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексті Мәжіліс те мақұлдады.

Арман Қожахметов, Мәжіліс депутаты:

-Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заң жобасының бірқатар нормаларын анықтауға бағытталған. Жекелеген түзетулер заң жобасының процесстік нормаларын жетілдіруге қатысты болып отыр.

Ал қарсы жолаққа шығып кеткен көлік иесі 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұрын жаза бір жыл болатын. Күндіз машинасының  шамын жақпағандарға ескерту жасалады немесе 7 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Қазіргі құжат бойынша, айыппұл 13 мың теңге. Темір тұлпарын тыйым салған жерге қойғандарға да айыппұл екі есеге азайған. Полицейлерге бағынбай, қарсылық танытқандар мемлекетке 68 мың теңге төлейді. Бірақ, бұл қылығын екінші рет қайталаса жарты жыл көлік жүргізуге тыйым салынбақ. Ал ұсақ-түйек ереже бұзғандарға көбіне ескерту болады.

-Көлік жүргізушілері Үкіметтің бұл жеңілдігін дұрыс түсініп, жол жүргенде мұқият болады деп сенейік. Жәудір, мәжілісмендер бұдан бөлек тағы қандай мәселелерді қозғады?

Депутаттар үлкендермен қатар, кішкентайларға да жағдай жасайық деген ұсыныс жасады. Үнемі балалар мәселесін көтеріп жүретін Зағипа Балиева Үкімет жаңа туған сәби кәмелеттік жасқа толғанша құқығын қорғайтын, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарлама құрсын деп, премьерге сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, қазір мектеп қабырғасында аурушаң балалар көбейіп барады.

Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:

-Өзім бұл мәселені көтеріп жүрмін. Жергілікті органдар және орталық мемлекеттік органдар онымен айналысып жүр. Бірақ, оған арнайы бағдарлама керек. Не себептен? Кейде мемлекеттік органдар бір-бірімен қалай жұмыс істеуге мән бермейді? Қараңызшы, білім жағынан алсақ, 22 пайызға балалардың денсаулығы төмендеп бара жатыр. Ол жай емес қой. Ертең 24 пайызға жетеді.

Балиеваның деректеріне сүйенсек, қазіргі балалардың 73 пайызының көзі нашар көреді. 33 пайызының жүйке жүйесі бұзылған. Соңғы кезде жасөспірімдер арасында инсульт та көбейген. Көп жағдайда олар мұндай дертті мектепте оқып жүріп табады екен. Яғни, балаға білім беріп қана қоймай, оның бүкіл өмір сүру салтын реттейтін бағдарлама әзірлейтін уақыт жетті дейді депутат. Оның үстіне балалар арасындағы зорлық-зомбылық та күн санап артуда.  Зағипа Балиева осы мәселенің бәрін қағазға тізіп, премьерге жіберді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.