Елімізде енді қорылдан арылтатын ота жасалады
Алматылық дәрігерлер бүгінге дейін 17 адамға көмектесіпті.
20.12.2017
Алмас Амангалиев, ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
-Операцияны кіші тілшікке немесе жұмсақ теріге жасаймыз. Ұйқыға кедергі келтіретін дүниелерді жою үшін арнайы имлант қоямыз. Кіші тілшік ұйқы кезінде тамаққа тиіп тынысты бұзбас үшін.
Бұндай ота тек Алматыда Президент іс басқармасының орталық клиникасында ғана жасалады. Бұндағы мамандар екі жыл ресей және беларусь дәрігерлерімен тәжірибе алмасып, сол елдерде оқып келген. Мақсатымыз қорылды жою ғана емес дейді өздері. Ұйқы кезінде адамның тынысы тоқтап қалмаудың алдын алу. Жалпы операция 10-15 ақ минут жасалады. Бірақ, дәрігерлер отаны кез-келген жанға істей бермейді. Ол үшін ұйқысы бұзылған адамның артық салмағы болмауы керек және ішімдік ішпеуі керек екен.
Павел Ли:
- Шынымды айтсам бұны операция деуге де келмейді. ТІс дәрігерінде отырғандай әсер болады. Еш ауырмайды. Және отадан кейін 3-4 күнде бәрі қалпына келеді. Яғни тамақ ішіп жүре бересің. Ал ұйқы кезінде кәдімгідей жеңілдікті сезіп жүрмін. Қорылым да қойды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!