{metadescription}
Елордада қысқы спорттық ойындардан жарыс өтті
Елордада қысқы спорттық ойындардан жарыс өтті

Елордада қысқы спорттық ойындардан жарыс өтті

Осымен екінші рет өтіп жатқан шараға 200- ден астам мектеп оқушысы өзара бақ сынады.

Нұрбол Тұрапов, жарысқа қатысушы:

– Жақсы өтіп жатыр. Біз қазір жеңіп жатырмыз. Бізге бәрібізге жаурамас үшін шай дайындап берді. Осы жерде киімдері болмаған балаларға хоккей ойнайтын киімдерін берді.

Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған жарыста балалар бірнеше спорт түрінен сынға түсті. Шаңғы тебу мен хоккейден үздікті анықтады. Тіпті нысананы қармен көздеген мергендер де табылды. Ал осындай қызықты да тартысты ойыннан кейін қатысушылар салмағы 15 келілік тәтті палаудан дәм татты. Шара соңында жеңіске жеткен әр командаға арнайы кубоктармен сыйлықтар табыс етілді.

Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

-Бұл шарамыз дәстүрлі шараға айналып отыр. Қысқы ойындар балаларға арналған. Балаларымыз еліміздің 5 облысынан келіп, қатысып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде