{metadescription}
Көкшетау саяжайларының бірінде 3 адам пештен шыққан түтінге уланып қалды
Көкшетау саяжайларының бірінде 3 адам пештен шыққан түтінге уланып қалды

Көкшетау саяжайларының бірінде 3 адам пештен шыққан түтінге уланып қалды

Олардың бірі ұйықтаған күйі өліп кеткен.

Бұл – ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілген 38 жастағы Сергей Полоз. Беті бері қарап, жан сақтау бөлімінен неврология бөлімшесіне ауыстырылған. Саяжайдағы шағын үй де осы азаматтыкі екен. Қаңыраған кеніштерге түсіп, алтын іздеп оралысымен үшеуі көңіл көтеріпті. Бірақ оқыс жағдайдың неден, қалай болғанын білмейді. Жолдастарының бірі амбулаториялық ем алуға жіберілсе, ыс тиген енді бірі ұйықтаған күйі көз жұмыпты. Қазір оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр. Болжам бойынша, үйдегілер пеш мұржасын жауып қойған.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-Олар жылуды үнемдеп, ұзағырақ сақтау үшін мұржаны жауып тастап ұйқыға жатқан. Пештегі шоқ сонбей,мұржа бекітілгеннен кейін түтіндепті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде