Әйгілі Винокуров жемқорлық дауына қатысты мәлімдеме жасады
Винокуров жемқорлық дауынан біржола құтылмақ. Атақты велошабандоз 13-ші наурызда өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шығатынына толық сенімді. Айта кетсек, Александр Винокуров 2010 жылы «Льеж-бастонь-Льеж» велобәйгесінде жеңіске жеткен болатын. Біздің спортшыға сол жарыстың мәресінде ресейлік Александр Колобневті сатып алған деген айып тағылып отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.12.2017
«Астана» велокомандасының қазіргі бас менеджеріне қатысты жемқорлық дерегі бойынша істі Льеж қаласының прокуратурасы 2014 жылы қозғаған. Ресейлік шабандоз 150 мың еуроға сатылған деп күдіктенеді тергеушілер. Бұған бірнеше дәйек те келтіріпті. Мәселен, мәреге жақындаған кезде екеуі қатар келіп сөйлескен. Содан соң біздің саңлақ алға суырылып шығыпты. Артынша Винокуровтың Колобневқа 100 және 50 мың еуродан екі рет ақша аударғаны дәлелденген көрінеді. Бірақ, спортшы айыпты мойындаған жоқ. Ол енді алдағы наурызда адвокатымен барып, бұл істі біржола жабатынын мәлімдеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!