{metadescription}
Асанәлі Әшімовтің  Құман Тастанбековпен қоштасу кезіндегі  сөзі  жұртты жылатты
Асанәлі Әшімовтің  Құман Тастанбековпен қоштасу кезіндегі  сөзі  жұртты жылатты

Асанәлі Әшімовтің Құман Тастанбековпен қоштасу кезіндегі сөзі жұртты жылатты

Өнердің қара нары қара жерге қойнына тапсырылды! Бүгін қазақ жұрты экрандағы Төлегені, өмірдегі Құманымен мәңгілікке қоштасты. Қаралы жиын марқұм өле-өлгенше қызмет еткен әкем театрда болды. Жетісудің тарланы Маңғыстау жерінде көз жұмған. Күллі жұрттың қабырғасын қайыстырған бұл қаралы хабар 3 күн бұрын жеткен болатын.

Қазақ өнері асылын жоғалтып, қара шаңырақ қара жамылды. Талай жүректерді жаулаған Құман Тастанбеков келмеске кетті. Жүректі шымырлатса да, шындық осы. Бүгін театрда сахна саңлағын о дүниеге қимай, көзіне жас алмаған адам болмады. Марқұмның фильмдегі қарсыласы, ал өмірдегі досы Асанәлі Әшімов те естен кетпес естеліктерін айтып, бір күрсінді.

Асанәлі Әшімов, ҚР халық артисі:

- Жақсы адамнан ғана жақсы актер шығады. Жаман, ұры адамнан өмірі жақсы актер шықпайды. Құманның жаны кіршіксіз таза болатын. Өтірік, өсектен аулақ болатын.

Актермен қоштасуға еліміздің әр өңірінен шенділер келген. Қазаға қайғырған елбасы да жақындарына хат жолдапты. Оны бүгін Мәдениет министрі оқып берді. Кейін Құманның сүйегі жанындай жақсы көрген сахнасына соңғы рет көтерілді. Сөйтіп, көпшілік оны нағыз әртіске сай құрметпен ақтық сапарға шығарып салды. Құман Тастанбеков халыққа Төлеген болып танылды. Ол осы рөлі арқылы көпшілікті баурап алды. Ал, туындыдағы Қыз Жібекпен тек өнер емес, өмірде де жарасым тапты. Аяулы жары Меруерт Өтекешова екеуі жастар үшін баянды махаббаттың үлгісі бола білді.

- Жанарыңда сенің, жатыр екен менің тағдырым.

Өнердің Төлегендей батыры дәл сол «Қыз Жібектегідей» сапардан қайтпай қалды. Ісспаралап кеткен марқұм 3 күн бұрын Маңғыстау жерінде жан тапсырған.

Есмұхан Обаев, ҚР халық артисі:

-Ол кісі сол жақта үлкен бір туыстық парызын өтеймін деп,туысының тойына барған, жастарға батасын берген. Содан кейін сол жүрек деген жарықтық, бірден ұстаған болуы керек.

Құман Тастанбеков Төлеген образынан соң да биіктей берді. Кинода да, театрда да талай басты рөлдерді сомдады. Қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлес қосты. Жас буынға бағыт сілтеді. Еңбегі еленіп, актер Қазақстанның халық артисі атанған. Әрі «Құрмет» орденінің иегері болды. Десе де, замандастары қолда барда алтынды өз деңгейінде бағалай алмадық деп күйінеді.

Нұртілеу Иманғалиұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Құманның мәңгілік өмірі басталды деп жатырмыз ғой. Бірақ, біз тірісінде қаншалықты бағаладық деген сұраққа жауап таба алмай жүрмін де мен. Біз Абай айтпақшы өмірден озғанының жаманы жоқ, тірі жүргенде жақсысы жоқ елміз.

Дос-жарандары марқұмның атына көше беріп, есімін ұлықтау мәселесін көтерді. Билік тұтқасын ұстағандар да мұны құптағандай. Құман Тастанбековтің жарқын бейнесі мәңгі ел есінде. Қазақ өнері барда, ол ешқашан ұмытылмайды

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.