{metadescription}
Елімізде үлкендерден сексуалдық зорлық көрген балалардың саны күрт көбейген
Елімізде үлкендерден сексуалдық зорлық көрген балалардың саны күрт көбейген

Елімізде үлкендерден сексуалдық зорлық көрген балалардың саны күрт көбейген

Депутат әрі омбудсмен Зағипа Балиева азғындар биыл 250-ге жуық бүлдіршіннің етегін түріп, жыныстық қатынасқа итермеледі деп отыр.

Сондықтан, мәжілісмен Үкімет шұғыл балалардың құқығын қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама құрсын деп, премьерге сауал жолдады. Балиеваның дерегіне сүйенсек, он айда 1740 балаға қатысты қылмыс тіркелген. Оның 248-і сексуалдық зорлық көрген, 31 бүлдіршін адам қолынан ажал құшқан. Ал еліміздегі сәби өлімі Еуропамен салыстырғанда екі есеге көп. Қазір мектеп қабырғасындағы ұл мен қыздың 73 пайызының көзі нашар көреді. 33 пайызының жүйкесі бұзылған. Соңғы кезде жасөспірімдер арасында инсульт те өршіп тұр. Көп жағдайда олар мұндай дертті мектепте оқып жүріп табады екен. Яғни, балаға білім беріп қана қоймай, оның бүкіл өмір сүру салтын реттейтін бағдарлама әзірлейтін уақыт жетті дейді депутат.

Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:

-Өзім бұл мәселені көтеріп жүрмін. Жергілікті органдар және орталық мемлекеттік органдар онымен айналысып жүр. Бірақ, оған арнайы бағдарлама керек. Не себептен? Кейде мемлекеттік органдар бір-бірімен қалай жұмыс істеуге мән бермейді? Қараңызшы, білім жағынан алсақ, 22 пайызға балалрдың денсаулығы төмендеп бара жатыр. Ол жай емес қой. Ертең 24 пайызға жетеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде