{metadescription}
Исекешов Астананы түтіннен құтқарудың жолын атады
Исекешов Астананы түтіннен құтқарудың жолын атады

Исекешов Астананы түтіннен құтқарудың жолын атады

Астанада көмір мен бензиннің сапасы қатаң бақылауға алынбақ. Өйткені, әкімдік Елорда ауасының ластануын осы жеке сектордың тұрғындары мен көлік жүргізушілерінен көріп отыр. Айтуларынша, жұрт сапасыз көмір жағатындықтан  бас қаланы қою тұман басады екен. Енді түтінмен күрес оңай болмайын деп тұр.

Бұл еліміздің бас қаласы - Астана. Аспанды тұмшалаған қою тұманға қарап бұған сену қиын. Бірақ, мұржалардан будақтаған түтін ауаға тараса болды, Елорданы осылай тұман басады. Тек, жеке сектор емес, тіпті Есілдің сол жағалауына дейін қою түтіннен көрінбейді. Иісі жағымсыз ауаның ластанғанын синоптиктер де мойындап отыр.

Дана Аманбаева, «Қазгидромет» РМК зертханасының басшысы:

-Екі станцияда атмосфера қабатының ластанғаны тіркелді. Яғни, ауада көміртек пен азот оксиді көбейіп кеткен. Бірақ, бұл ластанудың ең жоғары деңгейіне жатпайды.

Сондықтан астаналықтардың барлығы зиянды түтінмен тыныстауға мәжбүр. Ал, таңертең және кешкі уақыттарда қою тұман тіпті еселене түседі. Экологтар бұған әдеттегідей, көлік жүргізушілері мен от жағатын жеке сектордың тұрғындарын кінәлап отыр.  Бірақ, жұрттың қақаған аязда, көмір жағудан басқа амалы жоқ.

БОТА ДІЛТАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Үйде кішкентай бала бар. Пештің жылуынсыз отыра алмайды ғой. Осылай жағуға мәжбүрміз. Күндіз түні пеш сөнбейді. Енді өздеріңіз көріп тұрғандай мына жерде демалатын ауа да жоқ. Кешке мүлдем мүкіндік болмайды далаға шығуға.

Тұрғындардың осылай түтінге қақалып отырғанын, әкімдік те біледі. Бірақ, қаланы бір күнде тазарту мүмкін емес. Сондықтан, ауқымды жоспар құрған атқамінерлер, бас қаланың экологиясын біртіндеп жақсартпақшы.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

-Алдымен, сапасы төмен  көмір мен жанармайды қалаға кіргізбеуіміз қажет. Негізінен ауаны ластайтын осылар. Сондықтан, қара отын мен бензинге бақылауды күшейтеміз. Әрі  әкімдікке тиесілі коммуналдық машиналарды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Мәселені, толық шешу үшін екі-үш жыл уақыт қажет.

Бірақ, Энергетика министрі бас қаланың ластануы көмірдің сапасына байланысты емес дейді. Түтінге өзім де тұншығып жүрмін деген Бозымбаев, қалаға газ тарту керектігін айтады.  

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Әрине, жағымсыз иіс маған да қолайсыздық тудырады. Бірақ, оның көмірдің сапасына қатысы емес. Яғни, қандай қара отын жақсақ та қаланы түтін басады. Мәселені, шешу үшін газ тарту қажет.

-Бірақ, Елордаға арман болған  табиғи газдың қашан келетінін не әкім не Энергетика министрі де білмейді. Айтуларынша, тиісті келісімдер жасалып жатыр. Бірақ, нақты мерзімдері жоқ. Сондықтан астаналықтарға әлі бірнеше жыл көмір жағуға тура келеді. Міне, кеш батқаны сол еді,  қазір сол жағалауды қайта түтін баса бастады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде