Таразда жолынан қалған жолаушылар шу шығарды
Күн райының құбылуынан ондаған жолаушы діттеген жерлеріне жете алмай әуежайда сағаттап тұруға мәжбүр болды. Ақтау-Шымкент-Алматы бағыты бойынша көкке көтерілген әуе кемесі қалың тұманның кесірінен Шымкентке қона алмай, борттағыларды Тараздан түсіруге тура келген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
20.12.2017
«Bek Air» әуе компаниясына тиесілі ұшақ бүгін таңғы 4-тер шамасында Ақтаудан ұшып, Шымкентке 3 сағаттан соң қонуы тиіс еді. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан әуе көлігінің жерге табан тіреуге мүмкіндігі болмай, 36 жолаушысы бар ұшақ таразға келіп тоқтады. Жұрттың айтуынша, күндізгі сағат 12-ден бері әуе тасымалына жауаптылар олардың хәлін сұрап келмек түгілі төбе де көрсетпеген. Мұндай бейқамдық бұқараның наразылығын туғызды. Тек ел шу шығарған соң ғана «Bek Air» компаниясының өкілдері зыр жүгіре бастады. Яғни Шымкенттегі жолаушыларды шұғыл автобуспен Таразға алдырып, бәрін қосып осы жерден Алматыға аттандырды.
Зүлфия Сәрсенғалиева, Ақтау қаласының тұрғыны:
-12 сағат Ақтаудан бастап нәр-су жоқ, ас жоқ. Ішінде жас балалар бар, үлкен кісілер бар. Мүгедектер бар. Олай істеуге болмайды ғой. Қалай да халыққа қызмет ету керек қой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!