Астанада өзін өртеп жіберген жігіттің беті бері қарады
Бірақ, денесінің үштен бірі күйіп қалған. 18 жастағы жігіт Елордадағы отбасылық демалысқа арналған орталықта үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген болатын.
Автор: Жәудір Оразхан
20.12.2017
Нұрлан Жұмажанов, Астана қаласындағы №1 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:
-Бұл науқаспен әріқарай психологтар жұмыс істейді. Қазір жағдайы жақсы. Жігіттің басында қатты күйзеліс болған. Ата-анасы бар. Бірақ, олармен сөйлеспедік.
Десе де дәрігерлер жас жігіттің жағдайы аса ауыр емес деп отыр. Өзі Павлодардың тумасы екен. Астанаға жақындарына келген көрінеді. Ал суицид жасауына не себеп болғаны белгісіз. Оны сақшылар анықтап жатыр. Белгілісі, өзіне қол жұмсар алдында жігіт ешкімнен ештеңе талап етпеген. Өзі жаққан отты өзі өшірген дейді тәртіп сақшылары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!