{metadescription}
0:000:00
Сирия дағдарысын реттеу бойынша Астана келіссөздерінің сегізінші раунды басталды

Сирия дағдарысын реттеу бойынша Астана келіссөздерінің сегізінші раунды басталды

Бір жылға созылған кездесулер көздеген мақсатына бір қадам жақын тұр. Десе де тараптар бүгін де бітімге келе алмай, тартысып қалды. Кепіл мемлекеттер алдағы Сирия халқының ұлттық диалог конгрессіне күрдтер тарапынан кімдердің қатысатынын шеше алмай дал. Ал ол конгресте Сирия Араб Республикасының болашағы айқындалмақ.

-Бүгінге дейін Женева мен Астанада сегіз реттен кездескен делегаттар, деэскалациялық төрт аймақтың шекарасын бекітіп алып, минадан тазарту ісін бастап кеткен. Бүгінгі келіссөздердің күнтәртібінде екі сұрақ бар.

Бірі тұтқын алмасу және жоғалғандарды іздестіру. Екіншісі Сочиде өтетін Сирия халықтарының ұлттық диалог конгрессінің күнтәртібін бекіту. Онда елді кім басқарады, оған дейінгі уақытша билік мәселелері шешілуі тиіс. Бірақ бұл келіссөздердің екінші күні, яғни ертең кеңейтілген отырыста талқыланатын мәселелер. Ал бүгін қатысушылар екі жақты, көпжақты кездесулер өткізіп жатыр.

Сегізінші келіссөзге Сирияның қарулы оппозиясының атынан жиырмадан астам делегат келгенін айта кету керек. Түске дейінгі кездесулер барысында Түркия мен Иран алдағы конгресске күрдтердің Демократиялық одақ партиясы атынан өкіл қатысуына қарсы шығыпты. Екіарада қалған Ресей, ендеше Сириядағы күрдтер арасынан бейтарап біреуді таңдайық деп өз пікірін білдіріпті.

-Азамат жетінші келіссөздер барысында диалогқа қатысушылардың саны артуы мүмкін делінген еді, жаңадан қосылғандар бар ма?

Айтпақшы бұл мәселеге қатысты бүгін делегаттар нақты шешім қабылдады деген ақпарат тарап жатыр. Женевадағы  келіссөздерге көп адам қатысқанымен, нәтижесі төмен деген олар, халықаралық байқаушыларды көбейтпейміз деп шешіпті.

-Еске салсақ, қазір келіссөздерде кепіл үш мемлекет, Түркия, Ресей, Иран, Сирия үкіметі, қарулы оппозияциясы және БҰҰ-нан өкіл бар. Сондай-ақ халықаралық байқаушы ретінде АҚШ пен Иорданиядан делегат бар. Жалпы негізгі маңызды шешімдер ертең қабылданады. Алғашқы күннің жаңалығы осындай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.