Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясының кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты
Қайғылы оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Мына кадрлерде жүк тиелген екі вагонның ортасына жұмысшының кіргенін байқауға болады. Бір-бірінен ажыраған вагонның бірі кері қарай қозғалғанын жұмысшы аңғармай қалады. Салдарынан ол жүздеген тонналық екі вагоннның арасында жаншылған. Біраз қозғалып жатып, жан тапсырды. «Қазақмыс» басшылығы қайғылы оқиғанын себептерін анықтайтын арнайы комиссия құрылғанын жеткізді. Сонымен қатар, марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамыз дегеннен басқа ақпарат берген жоқ.
Автор: Саят Сабдалы
21.12.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары