{metadescription}
Алматы облысында туған әкесі өртеп жіберген қыз өлім аузында жатыр
Алматы облысында туған әкесі өртеп жіберген қыз өлім аузында жатыр

Алматы облысында туған әкесі өртеп жіберген қыз өлім аузында жатыр

18 жастағы зардап шегушінің бүкіл денесін күйік шалған. Ал, тірідей жанып кеткен ер адам мен оның жасасөспірім баласы жер қойнына тапсырылды. 44 жастағы марқұмның өзімен қоймай, балаларын да ажалға жетелеуіне отбасындағы ұрыс-керіс себеп болуы мүмкін дейді көршілері.

Көріп тұрғандарыңыздай, бұл жерде өртенбеген зат жоқ. Ең қиыны, ішіндегі екі адам да тірідей жанып кетті. Мұнда 44 жастағы ер адамның 2 баласы мен бұрынғы әйелі тұрып жатқан екен. Марқұм түн ішінде соларға келіпті. Әрі өзімен бірге бензин алып келген. Сөйтіп, өзіне де, 18 жастағы қызы мен 12-дегі ұлына да жанармайды құйып, өртеп жіберген. Құдай сақтап, бөлмедегі әйел адам қашып шыққан. Ал, ер адамның мұндай жауыздыққа баруына бұрынғы жарымен арадағы кикілжің себеп болған болуы мүмкін. Көршілері сол түні де ұрыстың даусын естіпті.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерді осы көршілер шақырған. Бірақ, бөлмеден тек қыз бала тірі шықты. Оның өзі қазір ауруxанада тым ауыр xәлде жатыр. Осы жағдайдан кейін жатақxананың тұрғындары да әлі естерін жия алмай жүр. Тіпті, өліктер шыққан бөлмеге жақын тұратындары басқа жерге көшіп кеткен. Қазір бұл жердің дәлізі күйіктен көрінбейді. Ыстың иісі де қаралы күнді еске салып тұрғандай.

Қазір тәртіп сақшылары жантүршігерлік жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ал, тірідей жанып кеткен әкелі-балалы екеу жер қойнына тапсырылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде