Қарағанды көшелерін Аяз ата мен Ақшақар тазалап жүр.
Мереке алдында қала тұрғындары ертегі кейіпкерлерінің көше тазалайтын техникаға шаналарын тіркеп алып жүргенін көріп таңданысты. Бұл – Қарағандының тазалығымен айналысатын қаладағы ірі мекеменің істеп жүргені. Идея да аяқ астынан келді дейді олар. Мереке алдында қала жұртының көңілін көтеру үшін көше тазалайтын техникалар түрлі-түсті шамдар құрылған. Кейін ертегі кейіпкерлері мінетін шананы өз қолдарымен жасап, арбаға орнатыпты. Енді Аяз ата мен Ақшақар қаз қатар тізілген техника көшін бастап, қала тазалығының басы-қасында қыс бойы жүретін болды.
Автор: Саят Сабдалы
21.12.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары