Елімізде қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі пайда болды
Енді қатерлі ісікті емдеу үшін шетелге шығудың қажеті жоқ. Күрделі отаны Президент іс басқармасы клиникасының дәрігерлері де заманауи әдіспен істейді. Яғни, ақхалаттылар науқасты ядролық медицинаның көмегімен аяғына тұрғызып жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
21.12.2017
Мамандардың айтуынша, қатерлі дертті ядролық жолмен емдеу өте тиімді. Бұл рак ауруын ерте кезден анықтап, толығымен емдеуге мүмкіндік береді екен. Ал, емнің өзі екі кезеңнен тұрады. Алдымен, науқасқа радиофармацевтикалық препарат егіледі. Қанның құрамына енген сұйықтық қатерлі ісіктің ошағы орналасқан жерге барып ұйып қалады екен. Осы арқылы дерттің нақты қайда орналасқанын анықтаған дәрігерлер кейін, ісікті оңай алып тастайды.
АЙГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
-Бұл медицинадағы жаңа инновациялық бағыттардың бірі. Оны толық меңгерген біздің дәрігерлер сүт бізінің обыры және тері рагына ота жасайды. Әзірге операция ақылы. Бірақ, мұны кейін тегін медициналық қызметтердің қатарына қосамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!